Адайлар: бүл атау айдан шыққан?

Мақала мазмұны
Адайлар: бүл атау айдан шыққан?
Ресейде адай — халық, ал Қазақстанда — ру ғана
Якут-бурят адайлары қайдан шыққан?
Америка адайлары — сол елдегі байырғы халық өкілдері
Адай-Хох атауының қазақ тіліндегі мағынасы — Тау-Ата
Адай генетикалық атау ма?
Дай мен адай арасында кандай байланыс бар?
Оғыз-түрікпен тілінде
Дайлар тек Орталық Азияда ғана түрмаған
Даи мен ногай
Азов-Дон жазығы бүрын Дай даласы болган, кейін Ноғай даласына айналған
Теке мен адай даңқы
МАҢҒЫСТАУ ШЕЖІРЕСІ
XIX ғасырда адайлар мен абдалдар Маңғыстауда катар өмір сүрген
Адай-түрікпен арақатынасы әлде де зерттеуді қажет етеді
ЭПИЛОГ
Барлық беттер

Адай — қазақ ішіндегі ең бір даңқы шыққан ғана емес, сонымен қатар, өткеніңде түсініксіз түстары да өте көп ру. Мәселен, үш жүзден түратын жалпы қазақты былай қойғанда да, алшынның ғана қүрамына кіретін кез келген дерлік ру-тайпаның басқа түркі халықтарының бірінің' болмаса, екіншісінің ішінде қандай да болмасын бір ізі қалған. Мәселен, "алшын", "тама", "табын" деген атаулар қырым татарларының да, башқүрттардың да ішінде бар. Ал "адай" деген ру, тайпа басқа түркі халықтарының бірде-бірінің дерлік ішінде жоқ. Ол ол ма, бүл қазақтың басқа жүздерінің ішінде де, қосалқы да болса, атау ретінде де кездеспейді. Мәселен, "қаракесек" Кіші жүздің әлімінің ішінде де, Орта жүздің арғынының ішінде де бар.
"Керей-кереит" атауы туралы да осыған уқсас түжырым айтуға болады. Бір заманда наймаңцар мен кереиттердің ортақ мемлекеті болған. Яғни, олардың тарихы мен тағдыры ортақ. Ол туралы біздің заманымыздың II жүзжылдығы басында Монғолиядан шыққан билеушілер шежіресінде нақты мәліметтер бар. Олардың тарихы XII гасырға дейін бір болып келіп, содан соң екіге бөлінеді. Осы түста Монғолияда өмір сүрген тайпалардың бір бөлігі батыс жаққа қарай, яғни, Алтай мен Шығыс Түркістанға қарай ойысып, екіншісі бүрынғы жүртында қалады. Сол Орта Азия жаққа қарай кеткендер қарақытайлармен қатар орналасып, 1177 жылға дейін соларға бағынышты болған. Оларды 1136-1204 жж. аралығыңда басқарган династия "I династия" деп аталады. Ол 1136 жылы билікке келген Нарқыш Таян ханнан басталады. 1167-1175 жж. аралығында мемлекетті Инанша-Білге басқарған.
Сосын, 1201 жылға дейін билік Инанша-Білге Буку-ханның еншісінде болған. Оның орнын басқан Таян-хан мен Буйрык-хан — найманның өз ішінен шыкқан билеушілер. Қазір пайдаланып жүрген "История права и государства Казахстан" деген оқулықта: "В 11-13 вв. найманами управляли 2 правителя: Буюрук хан и Таян хан" делініп жүр. Ал Батыста жария етілген моңғолдан шыққан билеушілер династиялары шежіресінде бүл екеуінің бір және өте қысқа уақытта ғана ел басқарғаны көрсетілген. О л уақыт 1201-1204 жж. аралығымен шектеледі. Оның ішінде 1201-1202 жылдарда Таян-хан елді Буйрык-ханмен бірлесе отырып, одан соң, 1204 жылға дейін, жалғыз өзі басқарған. Найман мен керей қазір де қазақтың Орта жүзі қүрамында қатар өмір сүріп жатыр. Олардың елдері бір замандағыдай бүгінде де іргелес. Тек бүрынғы "кереиттің" орнында қазір "керей" деген атау сақталып қалған. Ал түп-тура "кереит" деген атау болса, ол Батыс Қазақстандағы алшынның жетіру тайпасы қүрамынан табылады. Қазіргі танда негізінен Қазақстанның шығысымен байланыстырылатын "найман" мен "керей" атаулары сол Алтай өңірінен батыс жақ түста, мындаған шақырым қашықтықта жатқан Қырым түбегінде де тап-таза дерлік күйінде кездеседі. Мысалы: "найман-каракчора" мен "бешаран-керей". Бүл екеуі ол жақта этноним ретінде ғана емес, ойконим (елді мекен аты) ретінде де танылған (В.Бушаков "Тюркская этноойкономия Крыма").


Ал "адай" атауы Қазақстанда да, қазақпен бүрындары тығыз араласқан халықтардың елдері мен жерлерінде де алшынның адай руымен тікелей байланысты емес күйінде кездеспейді. JW.
Бір қызығы, "адай" атауы Ресей Федерациясында ресми түрде тіркелген ұлттар мен тілдер тізіміңде бар, ("Алфавитные перечни национальностей и языков для кодирования ответов на вопросы 7 и 9 форм К и Д и вопроса 6 формы В переписных листов Всероссийской переписи населения 2002 года". Утверждены Постановлением Госкомстата России от 02.09.2002 г. N 171). Бүған танданбасқа амал жоқ. Одан да бетер танданатын нәрсе мынау: біз "адай" атауына тікелей тура келетін мынадай бір 2 этноним және 1 топоним таптық. Қазаққа жақын ел-жүрт ішінен табылмайтын "адай" ру-тайпа атауы ғаламат Еуразия қүрлығының Шығыс Сібірі мен Қиыр Солтүстігінен және АҚШ-тың Луизиана штатынан табылды. Алдымен Ресейдің біз күтпеген жерден табылған адайларына келейік.

 


Қиыр Солтүстік адайлары — якут-саха халқының "одай" руы. Оны "уодай" деп те атайды екен. Шынын айтқанда, бүл Якутиядағы қазақы атауға үқсас келетін жалғыз гана ру аты емес. Якуттардың өз "арғындары" да бар. Олар "аргин" деп аталады. Бүл - Қиыр Шыгыс пен Қиыр Солтүстіктен (Якутия Чукоткамен көршілес, ал Чукотка Шығыс жартышарының ең алыс шегі ретінде. Батыс жартышардағы АҚШ-тың Аляска штатымен көршілес орналасқан) бүрынғы Ресей империясы мен кейінгі КСРО-ның оңтүстік-батыс шетінде орналасқан Қырым түбегіне дейін жайылған бірден-бір ру-тайпа атауы болар.
Енді Якутия одайларына оралайық. Якут-сахалардың өздерінің айтуына қарағанда, олар тегін қазақ адайларынан емес, бурят-монғол адайларынан тарататын болса керек. Ал аталмыш бурят-монғолдардың бундай атқа қалай ие болғанын түсіндіру оңайырақ. Бул этимологиялық негіздің қазақтың адайларына да қатысы бар болуы мүмкін. Бірақ, осы мәселеге біз тап қазір емес, кейінірек тоқталамыз.
Бурят-монғол адайлары "Қиыр Шығыс адайлары" деп атауға лайық. Бүл ру қазіргі бурят халқын қүрайтын 5 үлкен тайпаның бірі болып табылатын хонгодорлардың (қалған төртеуі — селенгіліктер, булағаттар, эхириттер және хорилер) қурамына кіреді. Олардың қазіргі Байкал аймағына келіп қоныс тебуінің тарихы мынадай: "Хонгодоры переселились в Предбайкалье в 1688 году, во время Ойрат-Халхасской войны, когда приближенный халхасского Сайн-хана, вождь хоногдоров Бахак Ирбанов, замешанный в конфликте между Сайн-ханоми ойратскими Галдан-Бошокту ханом, ушел со своими людьми и дядей-сановником Адаем из рода Бадархан в Предбайкалье, в район Тунки и Закамны"! Евгений Хамаганов, "Бурятские племена", Буряад арадай). Буряттың адай руы осы хонгодор тайпасына кіреді. Бүрын бул тайпаның тегі түгелдей монгол халқына қатысты деп есептелетін. Яғни, ол бір кезде моңғолдардан бөлініп келіп, бурят халқына косылған тайпа есебінде еді. Кейін бүл көзқарас өзгерді. Енді хонғодорлардың қүрамында тегін моңғолдардан тарататын да, буряттардың өздерінен тарайтын да рулар бар деп есептелетін болды. Бурятиядағы адай руы сол моңголдардан келіп, хонғодорлардың қүрамына қосылған рулардың бірі саналады. Бурят адайлары өз тегін хонғодорлардың жоғарыда аталған көсемі бахақтың нағашысы Адай атты адамнан таратады. Оларды буряттар "Бадархан адайлары" деп те атайды. Бір кезде хонгодорлар алые солтүстік жакқа қарай Лена өзенінің бойымен жорық жасап барған. Онда якут-сахалардың жерлері орналасқаны белгілі. Якутияда "одай" ("уо-дай") атауы этноним ретінде содан қалған болуы да ғажап емес. Жалпы Сібір мен Қиыр Шығыстағы "адай" этнонимін монгол тіліне қатысты деуге болады. Бүл — монгол атауы. Және жай атау емес, адам аты. Ал адам атының генетикалық атауға не этнонимге айналуы түркі-монгол дәстүрі үшін қалыпты қүбылыс.

 


 

Енді Американың Луизиана штатынан табылған адайларга келейік. Олар, әрине, қазақ емес. Олар — осы мемлекеттегі байырғы халық өкілдері. Яғни, американдық үндістер. Олардың атауы казак адайларының атауына 100 процент тура келеді: adai — адай. Олар туралы мәліметтер баршылық. Өткен жазда мен АҚШ-та болганда солардың өткені мен бүгіні жайында көбірек мәліметтер жинауға тырыстым. Өкінішке орай, ол кезде Вашингтонда салынып жатқан "Американ үндістері музейі" әлі салынып бітіп, іске қосылып үлгермеген еді. Әйтпегенде, менің мәліметтерім қазіргі қолда бардан да толығырақ болған болар еді.
Американдық адайлардың толық атауы — Caddo Adai Indian Tribe of Louisiana Яғни, луизианалық каддо адай — үндіс тайпасы. Олардың "A History of the Caddo Indians (The Iouisiana historical guarteriy, Vol. 18, No. 4, IX. 1935 ж.)— "Каддо үндістерінің тарихы" негізіндегі өткені туралы әңгіме мынадай.
Америкалық адайлар ақ адамды, яғни, еуропалық нәсілді адамдарды өз жерлеріне испандар мен француздар жақындап келген заманда бірінші рет кездестіріпті. ХҮІІІ ғасырдың басында Франция бүкіл каддо тайпаларын қол астына қаратып үстаған. Оған тек адайлар ғана тәуелді болмаған. Өйткені, әуел бастан олардың жеріне Испания өкілдері орналасып алған екен. 1715 жылы испан отаршысы Доминго Рамон францискан ордені монахтарымен бірлесе отырып, Луизиананың Адай аймағында елді мекендер орната бстайды. 1716 жылы сонда Сан-Мигель де Линарес миссиясы қүрылады. 1719 жылы Франция мен Испания соғысқа түскен соң, француздарға қарайтын үндістер испандардың қол астындағы адай тайпасына шабуыл жасап, "Los Adaes" (испан тілінен аударғанда бүл атау "Адайлар" деген мағына береді) елді мекенін басып алады. Сонымен, осы соғыстың нәтижесінде ең көп жапа шеккен адайлар болып шығады. Оның нәтижесінде бүл тайпа адамдары екі жаққа бөлініп қалады. Бір жағы испандардың, екінші жағы француздардың қол астында болғандықтан, адайларды біріншілері де, екіншілері де аяусыз қырғынға үшыратады. Осы айғақтыц озінсн Америка адайлары тағдырының Қазақстан адайлары тағдырына қаншалықты үқсас болғанын көруге болады... Француз-испан қырқысынан луизианалық адайлар қатты әлсіреп шығады да, XIX ғасырдың басына таман, яғни, Франция Луизиана жерін АҚШ-қа сатқанға дейін-ақ, өз алдына жеке тайпа болып сақталып қала беру мүмкіндігінен айырылады. Оларды каддо тайпасы өз қүрамына сіңіре бастайды. Содан бері бүлар каддо адайлары аталады. 1835 жылы каддо тайпалары өз жерлерін АҚШ-қа сату туралы келіссөздер жүргізеді. Ақырғы келісім бойынша, оларға 80 мың доллар төленуге тиіс болады. 1Щ
Оның 30 мыңы мүлік күйінде келісімшартқа қол қойылған кезде, тағы да 10 мыңы 1836 жылдың 1 қыркүйегінде берілуге тиіс еді. Қалғаны кейінгі 4 жыл ішінде 10 мың доллардан төленбек екен. Есесіне каддолар АҚШ шекарасының сыртына кетуге келіседі. Бүл келісімшартты АҚШ Сенаты 1836 жылдың 26 қаңтарында бекітіп(ратификациялап) береді.
Сөйтіп, каддо тайпалары ол кезде әлі АҚШ-ка қарамаған Техас аймағына көшіп барады. Бүл олардың қүрамына кіретін адайлардың қүрып кетуге жақын қалуының алды болады. АҚШ-тың ресми санағы мәліметтері бойынша 1869 жылы 400 адай ғана есепке ілінеді.
Ресми түрғыдан алғанда, 1880 жыл олардың қүрып кеткен жылы болып есептеледі. Бірақ, бүндай түжырымды қазір Луизианада түратын және өздерін "адаймыз" деп есептейтін үндістер мойындамайды. Олардың түсінігінше, бүндай тайпа АҚШ-та әлі де бар. Қазір каддо адайлары өздерін АҚШ федералдық өкіметі тарапынан мойындату мақсатында қуынушы үндіс тайпалары қүрамына кіреді. Олар ресми Вашингтонға өздерінің бар екенін мойындатпақ. АҚШ адайларын қосатын арнайы үйымның төрағасы — Руфус Дэвис (Rufus Davis) деген көсем, хатшысы — Линда Фримэн (Linda Freeman). Адресі мен телефондары мынадай:
4500 Hwy. 485 Robeline,
LA 71469 Phone (318) 472-8680
Fax (318) 472-8684

 


Екі этнонимді (якуттық-буряттық және америкалық "адайларды" атаймыз) атап өттік. Енді жоғарыда тілге тиек етілген топонимге келейік. Айтқалы отырғанымыз — Орталық Кавказда аттары жүрттың бәріне белгілі Эльбрус пен Казбектің екі арасында, Цей мүздығының оңтүстік жағында орналасқан Адай-Хох тауы немесе шыңы. Оның биіктігі — 4452 метр. Жалпы жүрт-шылыққа ол онша белгілі болмағанмен, альпинистерге өте жақсы таныс. Мәскеу мемлекеттік университетінің Р.В.Хохлов атындағы альпинистер клубының Интернеттегі сайтында, тіпті, осы тауға арналған өлең де бар. Оның авторы — Анна Жилина. Тау-шыңның бүкіл ерекшеліктерін маман-альпинистерден артық кім біледі? Сондықтан, сол Адай-Хох тауын өз сөздерімізбен суреттеп әуре болғанша, аталмыш ақынның соған арналған өлең шумақтарына жол берелік.

 

Ода горе Адай, цейское погоде и ненадежным прогнозам нашего инструктора

He придумывай оправданья,
Здесь ведь горы — не зал ожидания.
Будет к ужину чистое небо!
Но погода здесь — быль и небыль.
Цирус, кумулюс, пирамидалис
В круговерти одной смешались.
Завари, друг, чаек погуще
И гадай на кофейной гуще,
Будь ты горд и хорош собою,
Даже если силен головою.
Все ж поверить придется в сказку,
Здесь не Крым — а ледник Сказский.
Долго ждать улыбки Адая,
Он — гора не совсем простая.
Часто полон угрюмых дум,
Дружит с грозами и угрюм.
В шутках, хохмах проводим дни,
Не в гостях — альпинисты мы.
Третьи сутки погоды ждем:
Спим, смеемся. Карпюр жуем.
И надеемся на одно —
Сходим мы за все равно.
(15-17 августа 2003 г.).

Бүл Адай тауына арналған жалғыз ғана өлең емес. Оған альпинистерден шыққан әуесқой ақындар ғана емес, нағыз әнші-бардтардың өздері де жыр жолдарын арнаған. Соңғының мысалы ретінде Валентин Вихоревтің 1986 жылы жазылған мына бір шумағын келтіруге болады:

Мне оставьте, ради Бога,
Как талисман от всяких бед,
Вершины снежной Адай-Хоха
На синем небе силуэт.

Адай-Хох осетин тілінен аударғанда "Тау-Ата" дегенді білдіреді. Бүндай атаудың "адай" этнониміне қаншалықты қатысы бар болуы мүмкін екеніне қатысты мәселені төменіректе қарастыратын боламыз. Әзірге таудың өзі туралы әңгімені жалғастырайық. Шш
Адай тауы әйгілі Казбек (5033 м.) шыңынан 500 метрден астам, Еуропаның ең биік шыңы болып есептелетін Эльбрустан (5642 м.) 1000 метрден астам томен. Дегенмен, ол маман-альпинистердің өз арасында да оп-оңай көтеріле салатын шың деп есептелмейді. Олардың арасында оны "Великий орех ледяной" деп атау дәстүрі бар. "Орех" ("жаңғақ") деген сөздің орыс тілінде өзінің ауыс-палы мағынасында "алынбайтын қамал" деген түсінік беретіні белгілі. Демек, бүл биіктігі жағынан Кавказдың негізгі шындары мен тайталаса алмағанмен, басына шығудың қиындығы жағынан олардан ешбір қалыспайтын тау.
Енді осы атаудың "адай" этнониміне негіз бола алуы, не сол этнонимнің осы атауға негіз бола алуы туралы әңгіме. Бүның екеуі де — болуы әбден мүмкін нәрсе. Бірақ, бүндай түжырым шынында да солай болыпты дегенді дәлелдеудің белгісі емес. Бір айтарымыз мынау. Кавказда қазақ-ноғай тіліндегі жер-су атаулары өте көп. Оның біразы адам не ру тайпа аттарына сәйкес келеді.
Мәселен, қазіргі солтүстік Әзірбайжан мен Дағыстанның Дербенд ауданының жерлерін қамтитын аймақ б.э.д. 4 ғасырдан араб шапқыншылығына дейінгі аралықта "Албания" деп аталған. Оны қазақтың ұлы жүзінің албан руымен байланыстыруға бірінші болып талпыныс жасап жатқан біз емес. Бул бізге дейін де сол әзірбайжанның ғалымдары тарапынан істелген. Мәселен, профессор Фирудин Агассы оглу "К интепретации этнотономима "Албан /Алван/Агван" деген зерттеуінде былай дейді "Для того, чтобы проследить пути распространения тюрской, ономастики этнотонима "АЛВАН(ИЯ)/Аран", следует провести несколько примеров со словом "ALB/ALP" участвующем в его образовании: род Албан ( у казахов, киргизов, каракалпаков, узбеков)...". Не болмаса, сол Адай тауы орналасқан Осетияның тура өзіне қатысты мынадай мысалдарды алайық. Осетин халқының өз ішінде қазақ атаулар жеткілікті... Мәселен, осыдан 100—200 жыл бурын осетин бай-шонжарлары мен жалпы атқамінерлері "тауби" деп аталған. Бүның қазақша не ноғайша сөз екенін былай қойғанда, өзі, тіпті, түсінік ретінде біздің не сол ноғайдың дәстүріне тура келетінін айту керек. Немесе осетин фамилияларын алайық. 1974—1976 жж. ауыр атлетиканың ең ауыр салмағында өнер көрсетіп, әйгілі В. Алексеевтің өзімен тайталасқан Асланбек Еналдиев деген осетин жігіт болған. Мен ол кезде Қиыр Шығыста әскер қатарында болған едім. Біздегі офицерлердің көбі Орталық Азиядан болатын, сондықтан қазақ, өзбек тіддерінен олардың аз-муз хабары болған. Солардың бірі менімен спорт және қазақтан шьгққан әйгілі спортшылар туралы сөйлесіп қалғанда: "Эй, осы сендерде ана Асланбек Еналдиев деген бар емес пе?!"— деген. Мен оның казак емес, осетин болып табылатынын айтканда, офицер қатты танданған: "Мен оны ісіне аты сай болгасын, тура казақтың өзі шығар дейтінмін. "Еналдиев" деген сөз "Ең алды"—"Самый первый" дегеннен шыккан емес пе? Ол шынында да "самый первый" болып жүрген жоқ па қазір..."
Демек, біздің тілдің де, өзіміздің де сол Осетин үшін тіптен жат емес екеніміз ақиқат. М. Тынышбаевтың қазақ тарихына қатысты еңбегінде алшындардың бір заманда түгелдей оңтүстік Ресей мен Солтүстік Кавказ жазықтарында өмір сүргені айтылған. Адайлар — сол алшындардың қүрамдас бөлігі. Демек, Кавказдағы "Адай-Хох" топонимі мен қазақтағы "Адай" этнонимінің арасындағы нақты байланыстың бар болып шығуы ғажап емес.

 


Жалпы, көшпенді түркілер арасында, оның ішінде қазақтар да ру-тайпа аттары негізінде генетикалық атаулар ретінде қалыптасқан. Мәселен, Кіші жүзде: "Әлім мен Шөмен бір туған" дейді. Осы жердің өзінде аталмыш тайпа атауының тегін бір кезде өмір сүрген нақты адамдардың атынан тарататынын көрсететін нүсқау жатыр. Немесе, "Байүлы" деген түсінікті алайық. Бүның атының өзінде оның генетикалық атау екенін туралай корсету бар. Бірақ, барлық жағдайларда осылай бола бермейді. Кейде ру-тайпаға, не елге атау оларға басшылық еткен билеушінің есімі бойынша қойылады. Мәселен, қазіргі белгілі өзбек, ноғай деген халықтар бір кезде Үлы далада билік жүргізген, көшпенділердің қалың қолына қолбасшылық жасаған нақты адамдардың аттары бойынша аталған деген түсінік бар. Ал қазіргі Байүлы қүрамына кіретін таз руын алатын болсақ, оның өз атауын әлгі Ноғай қолбасшысының Таз деген үлының атынан таратқан болуы мүмкін деген болжау айта аламыз.
Негізінен, қазақта кез келген ру-тайпа атауын оған кіретін адамдардың арғы атасының аты ретінде қабылдау дәстүрі бар. Осындай көзқарас түрғысынан қарағанда, "ада" дегенді де генетикалық атау деп қабылдауға болады. Ал олай болса, "Адай" деген бір кезде өмір сүрген адам деген түжырым туындауға тиіс. Ол кім болған болуы мүмкін?! Бүл к опте ген осы сияқты жағдайлардағыдай нақты түрғыдан белгісіз нәрсе. Тек болжам айтуға болады. Көшпелі түркі-монғол тари-хындағы осындай есімі бар болған белгілі адамдарды іздейтін болсак, біз ең ал-дымен І-ханға назар аударамыз. Оны біз найман мен керей мемлекетіне қатысты тілге тиек етілген сол баяғы монгол билеушілері шежіресінен табамыз.
1368-1592 ж.ж. аралығында Монгол хандығы деген мемлекет болған. Ол сол 1368 жылға дейін Қытай астанасы Ханбалықта (Пекинде) билік қүрған Шыңғысханның үрпағы, үлы хан Қүбылайдан (Хубилайдан) басталатын монғолдық Юань династиясының тікелей жалғасы. Ондағы кезекті билеуші биліктен айырылған соң, оның кейінгі иелігі енді Монғолстанмен ғана шектелген. Монгол хандығының бірінші ханы Тогон-Тэмур (Ухагату-хан) деген болған. Ол 1368-70 ж.ж. тақта отырған. Ал 1333 жылдан 1368 жылга дейін Ханбалықта (Пекинде) Аспан асты (Қытай) империясының императоры болған. Ягни, осы Монгол хандығы — 1206 жылы (барыс жылы) Онон өзенінің бойында болған Үлы Қүрылтайда жарияланған империяның — Шыңғыс империясының бір жарым ғасырдан соңгы тікелей мүрагері. Негізі, оған сол замандағы Қазақ даласында болған бүкіл иеліктердің барлығы багынышты болуға тиіс болған. Бірақ, іс жүзінде бүл талаптың орындалган болуы екіталай. Дегенмен, Шыңғысханнан қалған өсиет бойынша, түркі-монғолдар бас больш қала берген барлық елдердің үлы билеушісі осы хандықтың хандары деп танылуға тиіс болған. Ол кезде Қазақстанмен Орта Азиядагы мемлекеттер Шыңғысханның қалдырған үлгісі бойынша өмір сүруді жалгастыра берген. Мәселен, Ақсақ Темірдің өзі хан аталуды артық көріп, тек әмір деп аталуды жөн санаған.
Ресми түрде билік Монғолияда да, біздің аймақта да, өлі де болса, Шьгңғысхан үрпақтарының еншісінде қала берген. Демек, ондағы хандарға бүндағы хандар бағына қоймағанмен, бүлар дәстүр бойынша олардың жолының үлкен екенін мойындаған болса керек. Өйткені, Шыңғысханның мүрасын мойындап, одан қалған дәстүрді мойындамай қоюы мүмкін емес қой. Монгол хандығын ол өмір сүрген 224 жылдың ішінде 21 хан билеген. Адай-хан соның он біріншісі. Ол елді 1425-1438 жылдары билеген. Бүл белгілі адам болған. Алтын-Тобчиде (монгол шежіресінде айтылғанға қарағанда, оған дейін билік қүрған Ойратдай-хан (1415-1425 жж.). Оның заманында ойраттар Шыгыс Түркістанга жорық жасап, Жетісу мен Ыстықкөлге дейін келген. Ал Адай-хан болса, сол ойраттардың өздерімен қырғын соғыстар жүргізген. Ол батыр адам да болған. Ойраттар сол хандықтың қүрамына кірген деген пікір бар. 1459 жылы Магу-қырғыз деген кісі кезекті монгол ханы ретінде билік басына келген.
Енді "адай" атауының Адай-хан атына байланысты дүниеге келіп, оның Монғолиядан Қазақстанға қалай келіп қалуы мүмкін екені туралы болжамға келейік. 1770 жылғы "Си-юй-чжи"-де мынадай мәлімет бар: "Осыдан 330 жыл бүрын қырғыздар бүлік-берекетсіздіктен бас сауғалап қашады да, Тянь-Шань тауында пана табады". Яғни, олар қазіргі Қырғызстан жеріне келген. 1770 жылдан 330 жыл бүрынғы дегеніңіз — 1440. Ал 1462 жылы жетісуға Жәнібек пен Керей бастаған 200 мың адам көшіп келеді. Қазақ хандыгы осыдан басталады. Енді мынадай гипотеза: "адай" деп Адай-ханның атымен аталған рулық топ сол кезде бар болган болса, оның қыргыздармен бірге Орталық Азияға көшіп келген болуы мүмкін. Сосын олардың қырғыздардан қазақтың қүрамына өткен болуы мүмкін. Бүл, әрине, тек гипотеза ғана.

 

 


Ал енді ежелгі парсылар мен гректер заманында Каспий теңізі жагалауына жақын жерде өмір сүрген "дай" атты тайпаның қазіргі "адай" атауына қандай қатысы болуы мүмкін деген мәселеге тоқталайық. Сол кезде өмір сүрген тарихшы Геродот мынадай айгақтық сөздер қалдырған: "Вот эти племена, от которых зависят все остальные: персы, пасаргады, марафии, маспии. Из них самые благородные — пасаргады, к которым принадлежит также род Ахеменидов (откуда произошли персидские цари). Другие персидские племена — это панфиалеи, дерусиеи, германии. Все упомянутые племена занимаются земледелием, прочие же — дай, марлы, дропики — кочевники" (Геродот, "Тарих"). Бүдан белгілі бола-тыны — даилардың ол заманда көшпенділер ретінде өмір сүргені. Бірақ, Геродот сонымен қатар олардың парсы тайпаларының қатарына жататынын айтқан. Демек, даилардың тегі қазақтыкінен басқа. Олар скифтердің қүрамына кірген.
Б.э.д. I ғасырда өмір сүрген тарихшы Старбон даилардың негізгі скиф тайпасы екенін айтады. Авеста болса, оларды "дах" деп атаған екен. Заманында олар Каспий теңізінің Шыгыс жағында, қазіргі Түрікпенстанның оңтүстік-батыс бөлігінде өмір сүріпті. Ол аймак уақытында Дахистан деп те аталған екен. Үлан-гайыр, теп-тегіс жазық дала. Оның үстіне суы да жоқ. Бүның қазіргі адайлар өмір сүріп жатқан Маңғыстаудың Үстірт жағьгна көп үқсастығы бар. Даилар немесе дахтар осында өмір сүрген деседі. Бірқатар қазақстандық ғалымдар, нақтырақ айтқанда, С.А.Аманжолов, М.С.Мүқановжәне В.В.Востров қазіргі адайлар солардың түқымы болуы мүмкін дегенді айтады. Қалай дегенде де, бүл версияның артында огыз-түрікпен тарихымен байланыс жатыр. Өйткені, сол қазіргі түрікпен тарихшылары өз халқының бастапқыдағы этногенезінің иран тектес тайпалар, оның ішінде басқаларымен қатар, дахтар негізінде қалыптасқанын айтады.


Бірақ, осы орайда мынадай бір жәйтке назар аударған жөн сияқты. "Адай" деген атаудың Маңғыстауға қарай тегі сол Түрікпенстан жақтан келіп, бунда "адай" деген этнонимге айналғаны рас болса, оның түсінігін біздің эрамызға дейінгі заманда өмір сүрген даи тайпасының атынан гөрі, сол оғыз-түрікпен тілінің нақты бір сөзімен байланыстырған жөн сияқты. Онда "ада" деген сөз бар. "Арал" немесе "жартыарал" ("түбек") деген мағына береді. Одан "адай" деген соз тудыруга болады екен. Бул "аралда туратындар" немесе "жарты аралда туратындар" дегенді білдіретін көрінеді. "Ада" деген сөздің нені білдіретінінен жалпы қазақ бейхабар болғанымен, Каспий жағалауын мекендейтін адайларға ол бүрындары жақсы таныс болган. Мәселен, патшалық Ресей кезінде олар батыс түрікпен руларымен бірге Закаспий облысының қүрамына кірген. Сол заманда бунда бастапқыдағы ең ірі орталықтардың бірі, кейінгі Красноводск және қазіргі Түрікменбашы қаласына жақын жердегі "Узун-Ада" деген жер болған. Онда бір жағынан теңіз порты, екінші жағынан бүкіл Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы темір жол стансасы болған. Ташкент Түркістан губерниясының орталығына айналған соң, оның орталықпен қатынасы "Ташкент-Узун-Ада" темір жолы арқылы пойызбен, одан әрі "Узун-Ада-Баку", теңіз арқылы пароммен, содан өрі "Баку-Орталық" темір жолы арқылы пойызбен жасалып түрған. Сондьщтан осы Каспий жағалауында омір сүретін жергілікті халық үшін Узун-Ада ірі орталық ретінде белгілі болған. Олар бүл атаудың нақты жер атына байланысты екенін де жақсы білген. Ал Узун-Аданың орналасқан жері, шынында да, узынша келген жартыарал болған.
Демек, "адай" этнонимін оғыз-түрікпеннің "ада" созінен тарату — ең оңай жол. Бірақ, бул, шынында да, солай деп кесіп айту қиын.

 


Енді қайтадан "даи" атауына тікелей байланысты версияға тоқталайық. Оны да біржақты қүптап шығу қиын. Дегенмен, бүның қазіргі заманда ең коп тараған версия екенін мойындау керек. Ол бойынша ежелгі даи тайпасының қазіргі қазақтың адай руына айналу реті мынадай. Даилар өуел баста Сырдария озенінің Аралға күятын түсына жақынырақ аймақта омір сүрген екен. Онда "парадарайя сақтары" деген болған. Дахтар немесе даилар солардың одағының қүрамына кірген. Кейінірек олардың бір болігі Арал теңізінен әрі асып, Каспийдің шығыс жағалауына жақындаған. Кангюй немесе қаңлы тайпалар одагы куш алған заманда даилар соларға багынған. Сосын Батыс Түркі қағанатының қүрамында болған. Одан соң даилар оғыз одағының қүрамына кірген. ІХ-ХІ ғ.ғ. даи тайпасы Маңғыстауға табан тіреген екен деген түсінік бар.
Қалай дегенде де, біздің эрамыздың  I мыңжылдығының аяғына таман
"дай" немесе "дах" тайпасының аталуы сиректей береді де, есесіне "адай халқы" деген атау пайда болады. Ол тек түркі тегімен ғана байланыстырылады. Мәселен, Хазар қаганаты заманында, нақтырақ айтқанда, X ғасырда өмір сүрген тарихшы Абу-Исках аль — Истархи аль-Фарси оғыздардан бөлініп шығып, Маңғыстауда қоныс тепкен "адай халқын" ауызға алады. XI ғасырда олар осында келіп, үлкен күш алған қыпшақтарға бағынады. Бүл түста солтүстікке қарай жылжып, қазіргі Актөбе облысының батыс жақ бөлігін мекендейді. Кейін олар Өзбек хандыгы мен Ноғай ордасының қүрамына кіреді. Сонан соң алшындардың, яғни, қазақтың Кіші жүзінің қүрамынан табылады. Бүның бәрінен адайлар Сырдария мен Каспийдің шығыс жағалауынан ешқашанда алысқа үзап бармаған деген қорытынды туындайды.
Бірақ, шындығында "адай" этнонимі тарихи "даи" атауынан бастау алады дегеннің өзінде оны территориялық түрғыдан осыншама тар ауқымға біржақты түрде байлауға себеп жоқ. Өйткені, б.э.д. төртінші ғасырда Ескендір Зүлқарнайын Орталық Азияға жаулаушы ретінде келгенде, Согдианада оган қарсы көтеріліс жасаған Спитамен жеңілген соң осы аймақтың батыс жағын мекендейтін көшпенділерге барып пана табады. Бүл жерде мынаны да айта кету керек. Ескендір Зүлқарнайынның Орта Азияға жасаған жорығы туралы бізге дейін келіп жеткен мәліметтер, негізінен, 3 тарихи көзден алынады. Бүлар — ежелгі элем тарихшылары болып табылатын Клитарх, Птолемей мен Аристобулдың еңбектері. Сол Клитархтың айтуына қарағанда, Спитаменнің көшпенділер арасындағы басты одақтастары дахтар болған.
Ал Птолемей болса, Танаистың арғы жағындағы скифтер туралы сөз қозгағанда, олардың нақты этнонимін, яғни атауын келтіреді. Тарихшы олардың "даилар" екенін айтады. Птолемей заманында "Танаис" деген атау мынадай түсінікті білдірген.
Біріншіден, б.э.д.Ү-ІІІ ғ.ғ., яғни тап сол Ескендір Зүлқарнайын жорықтары кезеңін қамтитын заман ауқымында бүл алдымен Дон-Азов аймағындағы ірі сауда орталығының аты болған. Оның қалдықтары қазіргі Дондағы Ростов қаласынан 35 шақырым жерден табылған. Ежелгі грек географияшысы Страбон Танаиске Пантикапейден (сол кездегі Боспор патшалығының орталығы, қазіргі Керчь қаласының орнында) кейінгі ең ірі жабайылар (варварлар) орталығы деген анықтама берген. Ол кездегі гректер үшін скифтер сол варварлар болған. Олардың географияшылары Танаисті Еуропа мен Азия арасындағы меже деп таныған. Антикалық заманның тамаша ғалым-энциклопедисі Плиний: "Бүл кірген кісінің сол жагында Еуропа, оң жагында Азия болады" деп жазған. Танаистің негізін қалаған Боспор гректері болған. Бірақ, уақыт өте келе, скиф қаласы келбетін қабылдаған. Ол Боспор билеушілерінен азат болу жолында күрес жүргізген. Біздің эрамыздың 237 жылы оны готтар басып алып, қиратып тастаған. 140 жыл өткен соң сарматтар қаланы қалпына келтіреді. Бірақ, көп үзамай, Ү ғасырдың басында қала қайтадан күйзеліске үшырап, қүрып кетеді. Біз үшін бүл қаланың тарихындағы ең маңыздысы оның скифтер заманында бір жағынан келімсек гректерден, екінші жағынан байырғы халық өкілдерінен тұрғаны. Птолемейдің айғағына қарағанда, Танаистің арғы, яғни Азия жағындағы скиф атаулылар шындығында даилар болған.
Екіншіден, ежелгі тарихи кезенде казіргі Дон өзені де Танаис деп аталған. Бүл атау Алтын Орда немесе Қыпшақ хандығы заманында да болған. Орта ғасырлар заманында ұлы монгол императоры Құбылай астанасына қарай қазіргі Оңтүстік Орыс далалары арқылы сапар шегіп өткен еуропалық елшілер Плано Карпини мен Вильгельм Рубрук "қыпшақ елінің төрт улы өзені бар, соның бірінің аты — Тана" дегенді жазған. Тана, Азау (Азов қаласы және теңізі) деген аттар кіші Жүз өкілдеріне олардың фольклоры арқылы тамаша белгілі. Және де жат жер емес, туған жер атаулары ретінде. Яғни, "даи" мен "адай" атауларының арасында шынымен семантикалық байланыс бар болса, алғашқы этнонимнің қазақ арасына Сырдария мен Оңтүстік Түрікпенстан жағынан ғана емес, Дон мен Азов жағынан келген болуы ғажап емес.
Мүхаметжан Тынышпаев алшындар орта ғасырларда Оңтүстік Орыс далаларында өмір сүрген дегенді айтады. Белгілі тарихшы Білал Аспандияров та осыган түстас пікір қалдырған. Жалпы бір нәрсе ақиқат: кіші Жүз қазақтарының тарихын шындап зерттей бастасаңыз, олардың өткенінің ізін жағалап отырып, Еділдің арғы жағынан бір шығасыз.

 

 


Бірақ "сол Еділдің арғы жағын біздің халық өкілдері бір заманда өз жері ретінде қоныстанған екен" деген түсінік ресми тарихнама түжырымдарына қайшы келеді. Мәселен, біздің жүртшылық тарапынан үлкен қүрмет пен сыйға ие болған әрі тарихшы, әрі географ Л.Гумилев "қазақтар ешқашан Мәскеуге жетіп көрмеген" дегенді айтқан. Бул "олар Еділ-Волганың арғы жағына өтіп көрмеген" дегенді білдіреді. Өйткені, қазіргі түсінік түрғысынан алып қараганда, қазақтарға Мәскеуге жету үшін сол өзеннің арғы жағына өту қажет болған. Ал олардың бірқатарының бабалары бір заманда Еділдің арғы жағында өмір сүрген болса ше? Бүл — әбден мүмкін нәрсе. Қазақтың, оның ішінде алшындардың бүрынғы ғүмырына қатысты фольклорда осындай түжырымды растайтын түстар жеткілікті.
Мәселен, "Қыз Жібек" жыры Қара теңіз жағасында өмір сүрген жағалбайлы елін ауызға алудан басталады. Бүл рудьгң Жетіру тайпалық одагының қүрамына кіретіні белгілі. Тап осындай этнонимді сіздің Еділдің аргы жагындагы дала тарихына қатысты мәліметтерден таппауыңыз мүмкін. Бірақ онда бір заманда сол Қара теңіз жағасында болган Эдисан (Едисан) ордасы туралы ақпарат жеткілікті. Оны қүрған ноғайлар екен. Сондықтан, эдисандықтар (едисандықтар) осы халықтың өкілдері болып есептеледі.
Ал сол Эдисаныңыз (Едисаныңыз) "Жеті сан" немесе "Жеті ру" дегенді білдіреді. Ягни, Эдисан (Едисан) ордасы Жетісан немесе Жетіру ногайларының ордасы болган. Оның және жалпы ноғайлардың қазақтарға қандай қатысы болған? Бүл сүраққа жауап беру үшін алдымен "Осы тайпалық одақ пен жалпы халықтың территориялдық түсінік ретіндегі бүгінгі Қазақстанға қандай қатысы бар?! деген сауалға жауап іздеп көру керек. Бірқатар басқа да ноғай ру-тайпа атаулары сияқты "эдисан" ("едисан") да бүгінгі Батыс Қазақстан жерінде дүниеге келген сияқты. Әрине, оны осы аймаққа "алтыүл" мен "джембойлук" деген этнонимдердей тікелей байланыстыратын бүлжытпас дәлел жоқ.
Бірақ бүлардың үшеуі де әуел баста біртүтас ноғай халқына тікелей қатысты болған. Иван Грозный Астраханды алған соң, Ноғай ордасы Үлкен ноғай мен Кіші ногай деген екі бөлікке бөлінеді. Үлкен ноғай Еділдің бергі жагында, яғни, Жайық өзені бойында қалады. Кіші ноғай Еділдің аргы жагына өтіп, Қара теңіз жаққа қарай ығысады.
Беріде қалған Үлкен ноғайдан Алтыүл ордасы бөлініп шығып, Жем бойына ойысып, осында табан тірейді. Бүныңыз — қазіргі алты ата Әлім. Яғни, Кіші жүздің немесе алшынның шыгыстағы және оңтүстіктегі бөлігі. Жалпы, тарихи түргыдан алғанда, ноғай қашанда қазақ тараған аймақтың солтүстік-батыс жагында болған. Демек, Кіші жүздің немесе алшынның қалған қазаққа территориялық жағынан ең жакын бөлігінің өзі тегін ноғайдан тарататын болса, оның қалған бөліктерінің — Байүлы мен Жетірудың — тегін ногайдан тарататынына күмән болмауға тиіс.
Ал енді "эдисан" ("едисан") мен "джембойлук" деген этнонимді иеленген ноғайлардың тарихына назар сала отырып, содан жағалбайлының Қара теңіз жагасында өмір сүргенінің дәлелін іздеп көрейік. Бүл — өте маңызды мәселе. Өйткені, тағы да қайталап айтайық, қазіргі ресми тарихнама қазақтың Қара теңізге дейін барғаны түгілі, Еділдің аргы жагында өмір сүргенін де мойындамайды. Сондыктан, біздің зерттеушілер кеңес заманында "Қыз Жібектегі" жағасын жағалбайлы жайлаган Қара теңізді сол нақты Қара теңіз деп айта алмаған. Әйгілі жазушы-ғалым Мүхтар Әуезов "Қыз Жібек" жырына жазған алғы сөзінде ондағы "Қара теңіз" дегені шындығында Каспий теңізі болса керек дегенді айтады.
"Қыз Жібекте" айтылгандай, жагалбайлы Қара теңіз жагасын жайлаган.
Бүл тезис осы уақытка дейін күшін сақтап келеді. Тіпті, Қазақстан мем-лекеттік тәуелсіздікке ие болып, біздің тарих ғылым ретінде Мәскеудің өктемдігінен қүтылғандай болғанымен, оның дүрыстығына нақты дәлелдермен күмән келтірген әзірге ешкім жоқ. Бірақ жағалбайлының бір кезде Каспий теңізі емес, қара теңіздің жағасын жайлағаны рас болса керек. Және ол сол Эдисон (едисан) ордасының қүрамына кірген болса керек. Сонда эдисандықтар (едисандықтар) осы атауын сақтай отырып, кейін Кіші жүз қүрамына кірген жетірулықтар болғаны ма? Бүл — бөлек мәселе. Әзірше XVIII гасырдың 70-інші жылдарына, яғни, Қырым хандығы түбірімен күйрерден 13 жылдай бүрын соның жерінде болып, жағдайды өз көзімен көрген адамның сөзіне қүлақ түрелік: "Последнее время страной (Қырым хандыгын айтады — авт.) владели татары, которых называют ногаями по имени одноименного знаменитого полководца, основавшего в этих местах в конце тринадцатого столетия свое собственное, но недолго существовавшее государство. Эти ногаи разделяются на большие и меньшие колена, которые отчасти составляют отделившиеся ветви тех колен ногайцев, которые прежде кочевали в Астраханской степи или теперь еще там кочуют или живут. Г.Клееману (Kleeman, Nicoiaus Emst. "Reisen von Wien ueber Belgrad bis Kilianova, durch die Butschiak-Tartarey ueber Kauschan, Bender durch die Nogen-Tartarey in die Crimm", Wien, 1771.) когда он был в крыму в 1769 г., называли следующие семь главных колен, из которых состояли ногайцы, подвластные крымскому хану, в Западном и Восточном Ногае и на Кубани:
1) Еддишкул (по Клееману Едишулл-мулти), 2) Джембойлук (Кл.— Дшамбойлук), 3) Едисан (Кл.— Едсан-мулти), 4) Казай-аул (Кл.— Казойолу), 5) Наурус-аул (Кл.— Науроуселли), 6) Кюргез, 7) Каспалладолу (вероятно — Касполат аул). Едишкул и Едисан были самыми многочисленными, как ему говорили. Из этих орд до 1770 г. первая и вторая, а также, вероятно, шестая пребывали в Восточном Ногае, исключая нескольких семейств, кочевавших на Кубани. Орда Джембойлук (также Йимбулук) имела пребывание у Джема (Емба), где Хоо-Ерлук, торготский хан, в начале прошлого столетия подчинил их себе. Как подданные Аюки, оны кочевали в 1715 г. на Волге, откуда Дели-Солтан, сераскер Кубани, увел 10300 семейств из них и из едисанцев на Кубань. Оттуда большая часть их была затем перемещена в Восточный Ногай, куда через тринадцать лет последовали за ними остальные части этой орды, предводительствуемые Батыр-Таиджи. Судьбы орды Едишкул мне менее известны. Обе покорились в 1770 г. русскому владычеству и перешли по собственному желанию на Кубань, где они, как говорят, и теперь еще находятся.
Помирному договору в Кучук-Кайнарджи они отданы крымскому хану. Кроме этих больших орд, среди жителей Восточного Ногая есть еще следующие малые, которые большею частью составляют части и ветви тех (предыдущих). как-то: Хаджи-Герай, Чазлу, Кангли-Аргакли, Ивак, Казай-мирза, Игури, Исмаил-Мирза, Телиак, Ирхан-Кангли (или Юхан-Кангли), Бадраки, Джегал-Болди, Бояташ и Баютай. По данным г.Клеемана, число ногайских семей семи колен составлаяет 500000, что, однако, чересчур много. В России считают четыре орды — Буджак, Едисан, Едишкул и Джембойлук — только в 70000 луков".
Бул жердегі "Джегал Болди" сол "жағалбайлының" тап өзі. Демек, жағалбайлының бүрынғы тарихының Қара теңіз жағасында өткеніне енді күмән болмауға тиіс. М.Тынышпаевтың қазақ тарихына қатысты еңбегінде Кавказда қалған ноғай халқының қурамында алшынның барлық тармақтары өкілдерінің бар екені айтылады. Демек, алшын ноғайлардың қурамынан шыққан деген тужырым негізсіз емес. Ал бұл халықтың тарихы негізінен Еділ-Жайық пен Дунай өзендерінің арасында дамыған. Ноғай қурамына кірген ру-тайпалардың Оңтүстік Орыс далаларына монғол-татарлар (XIII ғасыр), тіпті қыпшақтар (XI ғасыр) келгенге дейін де өмір сүрген болуы да ғажап емес.

 


Мәселен, ежелгі грек тарихшылары мен географтары "даилар жері" деп таныган Азов теңізінен Дон өзеніне дейінгі кеңістікті Кавказдың адығтары (черкес тектес халық) осы күнге дейін "Ногай губгуа" — "Ногай даласы" деп атайды. Бірақ онда қазір даилар түгілі, ноғайлардың өздері де атымен жоқ. Енді ол — Дон казактарының жері. Бірақ ХІ-ХҮІІІ ғ.ғ. аралығындағы 700 жыл бойы бүл аймақтың түркі тектес қыпшақ-ноғай көшпенділерінің қонысы болганы ақиқат. Бүгінге дейін адығтар "Ногай губгуа" деп атайтын жазық одан бүрын да көшпенділер мекені болған. Өйткені ол — соларға қолайлы жер. Қыпшаққа дейінгі оның көшпенді иесі кім болды? Оған да жауап табуға болады. Дегенмен, осы аймаққа қатысты болган "даи" этнонимінің "адайга" айналып, "ногайлар" түсінігінің қүрамына кіргені туралы дәлел жоқ. Бірақ іздеп көрсе, оның да табылуы ғажап емес.


Осьгдан үш жыл бүрын Америкада "Российско-туркменский исторический словарь" (Берген, Bodoni Hus, 2001) деген кітап шықты. Оны Батыста еріксіз эмиграцияда жүрген түрікпен тарихшысы Шохрату Қадыров 10 жыл бойы жазыпты. Әрине, тап сол жазуының өзіне соншама көпуақыт кетпеген де шыгар. Ең қиыны — дайын ойды қағазға түсіру емес, керекті материалдар мен фактілер жинау және оны сараптау емес пе?! Жалпы, соңгы кезде түрікмендер өз тарихын, оның ішінде, әсіресе, рулары мен тайпалары тарихын зерттеп, сосын оны халықаралық дәрежеде насихаттау мен марапаттауға көп көңіл бөліп жүр. Осы тақырыптарға қатысты еңбектер Түрікменстан Президенті деңгейінен бастап НАТО деңгейіне дейінгі аралықты қамтиды. Көп сынға үшыраган және мысқыл-мазақ көрген Түрікменбашының "Рухнамесінің" біраз бөлігі ру-тайпалар шежіресін баяндауга арналған. Бүл тақырып НАТО үйымының жанында да арнайы зерттеледі екен. Бірақ бүлардың ешқайсысында да Маңгыстаудың қалайша түрікмендерден адайлардың қол астына өткені туралы нақты мәліметтер жоқ. Тек, жоғарыда аталған Ш.Қадыровтың "Российско-туркменский исторический словарь" деген еңбегіндегі эпилогта, яғни, қорытынды баяндамада мынадай сөздер келтірілген: "По результатам националного-государственного размежевания Средней Азии, ни один из народов региона не получил столько, сколько получили туркмены. В границы ТССР были включены туркменские районы Бухарского и Хивинского ханств. Разрозненные, порой враждовавшие друг с другом туркменские племена теперь не только формально объединились, но и, при населении 720 тыс. чел., стали обладателями территории больше, чем узбеки Узбекистана, в несколько раз превосходившие туркмен по численности. Туркмены потеряли Мангышлакский уезд (отданный Казахстану) и связь с родственниками в Иране и Афганистане, но в отличие от казахов, киргизов, таджиков, в 1934 г. стали гражданами не автономий в составе России или Узбекистана, а государственного образования со статусом союзной республики — полноправного члена СССР". Яғни, патша үкіметі қулап, кеңес тәртібі орнаған заманда түрікмендер Орта Азияның басқа халыктарымен салыстырғанда әлдеқайда озық жагдайга ие болған. Буның себебі түсінікті. Патша әскерлері Түркістанды әскери күш қолдана отырып басып алуға кіріскенде, оларга ең көп және ең айбынды қарсылық көрсеткен түрікмендер болған. Мәселен, түрікменнің теке тайпасының жігіттерінің Геоктепе бекінісін орыстың экспедициялық корпусынан қорғауы барысы тарихта әйгілі ерлік көрінісі ретінде қалған. 1880 жылдың мамыр айында құрамында 13 мың әскер және 79 зеңбірегі бар, генерал Скобелев бастаған отряд Ресей жақтан Каспий теңізі арқылы Красноводскіге дейін жүзіп өтіп, одан соң құрлықпен жүріп Небит-Дагты асып өтіп, Ахал-Теке оазисіне бет алады. Бүндагы халық Геоктепе бекінісіне барып тығылады. Оны 5 мың мылтығы және 3 зеңбірегі бар теке жасағы қорғайды. Бекініс тек 1881 жылдың 12 қаңтары күні ғана қүлайды. Оны қамау барысында Скобелев отряды өз әскерінің төрттен бірінен айырылады. Өзіне сонша шығын әкелген теке жауынгерлері патша генеральша қатты үнайды. Кейін I дүниежүзілік согыс басталғанда, Скобелевтің уақытында оларды қатты мақтағаны ескеріліп, осы рудан шыққан жігіттер тылдағы қара жүмысқа емес, соғыс қимылдарына араласқан кавалерия қатарына алынады. Бірақ тап сол Скобелев айтқан екінші және үшінші бір жайт елеусіз қалды. Ол генерал Ресейдің XIX гасырдың екінші жартысында өмір сүрген тамаша ірі әскери маманы ретінде Германиямен алдағы уақытта болуға тиіс үлкен соғысқа қатысты өз ақыл-ойларын жазып қалдырған. Айтқалы отырғанымыз — ЦГВИА архивінде сақтаулы қүжат. Ол Скобелевтің өз қолымен жазылған және сол соғыста жеңіске жету үшін қандай шараларды жүзеге асыру керек екеніне арналған. Іс жүзінде бүл Германиямен болады деп күтілген болашақ согыстың жоспары туралы идеялар жинағы. В.Масальский деген автордың "Андреев флаг" баспасында 1998 жылы жарық көрген "Скобелев. Исторический портрет" атты кітабында біздің тақырыбымызға қатысты мынадай жолдар бар: "Далее генерал переходит непосредственно к стратегии войны. Не растеряться в случае внезапного нападения, а дейстовать по заранее разработанному плану, например: "Удержание линии Вислы устройством Варшаво — Новогеоргиевск — Глубо — Наревского плацдарма наподобие Плевны". Подчеркнув, что "на войне сердце суть", Скобелев продолжал: "Каково будет состояние сердца, когда образованные бюргеры, утопая в грязях между Вислой и Бугом, узнают от молвы, что под Франкфуртом, Кюстрином живьем сожгли целые округа, что все для него святое и милое гебнет?? Средствами к достижению этого первенствующего результата против Германии являются в первый период кампании А) Туркмены текинского племени Ахала и Мерва. 20-30 тыс. первой в мире кавалерии. Путь следования: Кызыл-Арватская железная дорога, Петровск — Владикавказ — Минск. Вооружение винтовками в пути. В) Адаевцы и киргизы Мангышлака: 6-10 тыс. отличной конницы. Посадка на суда: ф.Александровский -далее или Владикавказ — Минск по ж.д. или Астрахань — Царицын. Вооружение по пути. С) Киргизы бассейна Ори около Орска Оренбургаской ж.д. Около 15 тыс. Пункт посадки — Оренбург. Вооружение по пути. В итоге все это составит, по расчетам Скобелева, 40-50 тыс. неподражаемой конницы". Генералдың осы айткандары I дүниежүзілік соғыс басталардан біраз бүрын жазылғанмен, 1914 жылдың қыркүйек айында Ресей армиясының Бас штабының назарына үсынылған. Қүжат сондағы генералдардың бірі Н.А.Монкевицтің қолына түскен. Сосын оны ашық түрде жариялау мүмкіндігі де қарастырылған. Басқаша айтқанда, сол соғысты басқару мен үйымдастырумен айналысқан адамдар өмірден бүрынырақ өтіп кеткен генерал Скобелевтің ақыл-ойларын назарға алған. Түрікпеннің теке тайпасының жігіттері соғыстағы атты әскер қатарына шақырылды. Олардан "Текинский полк" деген қүрылды. Бүл әскери бөлімше Солтүстік Кавказхалықтары өкілдерінен түратын "Жабайы дивизия" ("Дикая дивизия") қүрамына енді. I дүниежүзілік согыс пен ол аяқталмай жатып-ақ басталып кеткен Ресейдегі азамат согысы барысында Теке полкының аты шықты. Бүл туралы "Чекист России" атты ақпараттысараптық басылымда былай делінген: "Одна из самых ярких страниц Белого Движения — легендарный Текинский полк, личный конвой генерала Корнилова, проделавший с ним весь путь с фронта до Быховской тюрьмы и потом на Дон. Из всего личного состава полка домой, в Туркмению, вернулось меньше двух десятков человек. Но все чудеса храбрости и верности текинцы совершали не из приверженности белой идее и не из любви к русскому народу, а исключительно из личной преданности Лавру Георгиевичу. Можно совершенно утверждать — прими Корнилов сторону большевиков, и весь полк до единого человека последовал бы за ним, заняв на страницах истории место где-то между латышскими стрел¬ками и мадьярами Белы Куна" ("Логика сильных"). Демек генерал Скобелевтің олар туралы "первая в мире кавалерия" деген бағасы толығымен аяқталган. Ал соның адайлар мен Маңғыстау қазақтары ("Адаевцы и киргизы Мангышлака") туралы "отличная конница" дегеніне коз жеткізудің реті болмады. Ресей армиясы Бас штабы бүларды да, Ор бойы қазақтарын да ("Киргизы бассейна Ори около Орска Оренбургской ж.д.") I дүниежүзілік соғысқа жауынгер ретінде шақыруға келіспеді.


Енді сол Маңғыстаудың түрікменнен адайларға қалай өткеніне келейік. Бүл қалайша жүзеге асқан? Ол туралы нақты деректер жоқ. Соңғы 300-400 жыл барысында түрікменнің чаудор, абдал, игдыр, арабачи, соиджаджи рулары белгілі бір аукымды қамтитын топ бола отырып, "Маңгыстау түрікмендері" аталған. Бүның ішіндегі чаудор мен игдыр тегін XI гасырдагы оғыз-түрікмендерден тарататын болып есептеледі. Абдал, арабачи және соиджаджи руларының өкілдері өздерін чаудорга жақынбыз деп есептейді. Ал машрық руы абдал, қожа және қалмақ арасынан шыққан болса керек деген болжам бар. Маңғыстау түрікмендерінің ішіндегі үлкені болып есептелетіні чаудорлар.
Түрікмен және орыс тарихы деректеріне қарағанда, Еділ қалмақтарының Аюка деген ханы 1684 жылы әскерімен Жайықтың бергі жағына өтіп, жорық жасай отырып Маңғыстауға дейін жеткен. Бүған дейін, сондағы мәліметтерге қарағанда, осы жерде негізінен түрікмендер түрған сияқты. Н.Ч.Бичуриннің айтуына қарағанда, қазақ пен түрікменге қарсы Жайықтың арғы бетіне шығып жасаған жорығы нәтижесінде бүкіл Орта Азияға оның атағы жайылған. Аюканың содан кейінгі жағдайы туралы тарихшы былай деп жазады: "сделался надменнее в обращении и самовластнее в управлении подданными. В притворном его штате появились султаны кубанские, хивинские и казачьи; даже Абул-Хаир, бывший впоследствии ханом в Меньшей казачьей Орде, в честь себе ставил служить при его Дворе". Осы хан Маңғыстау түрікмендерінің біраз бөлігін Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ жазығына қарай көшіріпті. Түрікмендердің өздерінің айтуына Караганда, олар аталмыш жерлерге қарай көшуін одан да бүрын бастаған көрінеді. Алғашқы лек 1653 және 1677 жылдары болған. Қалай болғанда да, ХҮІІІ ғасырдың 70-інші жылдарына дейін Маңғыстау түрікмендерінің бірқатары Еділ бойы мен Солтүстік Кавказда қалмақтармен қатар көшіп-қонып жүрген. Осы түста Маңғыстаудағы босап қалған жерлерді қазақтардың басып калуы басталған болса керек. Бірақ бүнда түрікмендер де түра берген. XIX ғасырда көпшілікті қазақтар қүраған. Орынбор мен Самара губернаторы А.А.Катенин өзінің әскери министрлік басшысы атына 20.06.1859 жылы жазған N 064 хатында Александровск фортында "габдалдар" мен "игдырлар" түрады деп жазады (ЦКИА ВУФ, 41925, 18-бет). Ал 1856 жылдың 8 қазанында жазған N 7 хатында ол былай деп жазады: "немногочисленные аулы абдальского рода кочуют между адаевцами около залива Александр-бай" (ЦВИА ВУФ, N 40591, 15-бет).

 


Қалай болғанда да, бір нәрсенің басы ашық. ХҮІІ ғасырда Маңғыстау түбегі негізінен түрікпен рулары қоныстанған аймақ болып есептелген. ХҮІІІ ғасырдың басында князь Бекович-Черкасский бастаған орыс әскери экспедициясы Хиуаға жорық жасағанда, оған маңғыстаулық түрікпендердің қатысы болған деген мәліметтер сақталған. Бірақ, түбектегі этнодемографиялық жағдайдың күрт өзгере бастауы алдымен Еділ қалмақтарының билеушісі Аюканың осы жаққа қарай жасаған жорығы мен соның салдары ретінде көрініс тапқан өзгерістерге байланысты сияқты. Қалмақ авторларының айтуына Караганда, бул хан Маңғыстауды басып алып, ондағы түрікпендерді Еділ бойындағы және Солтүстік Кавказдағы жазықтарға көшіріп әкеткен. Әрине, бәрін бірдей емес шығар. Бірақ, Аюка жорығынан кейін маңғыстаулық түрікпендердің аталмыш өлкелерде қалмақтармен қатар көшіп-қонып жүргені тарихи мәліметтерде аталған. Тіпті сол жорықтан кейін 100 жылдай уақыт өткен соң қалмақтардың бір бөлігі Қытай жақтағы жоңғар жеріне қайтуға жи­налғанда бүлардың бірқатары соларға ерген. Басқаша айтқанда, ХҮІІ ғасырдың соңынан ХҮІІІ ғасырдың аяғына дейін дерлік Маңғыстау түрікпендерінің негізгі бөлегі Еділ қалмақтарының боданы болған және бүған дейін ата қоныстары болып есептеліп келген түбектен алшақта жүрген. XIX ғасырдагы орыс деректеріне қарағанда, оның барысында Маңғыстауда көпшілікті адайлар немесе қазақтар түрған. Бірақ, олардың арасында және де олармен қатар түрікпендер де түбек пен Үстіртте көшіп-қонып жүрген. Бүл кейінгілер Еділ мен Солтүстік Кавказ жақтан кайтып оралғандар болды ма, әлде кезінде қалмақтардың көшіруіне ілінбей қалғандар болды ма — оны тап басып айту қазір қиын. Мынадай болжам бар: Маңғыстау түрікпендері осы жақтың этнодемографиялық қүрамында Үлы Октябрь революциясына дейін сақталған. Және олар басқа жақтан жаңадан келген ру өкілдері емес, сол баяғыдан осы маңайда қоныстанған абдалдар мен иғдырлар болған. Демек, түрікпеннің "маңғыстаулық түрікпендер" деген тарихи атауы бар бөлігі XX ғасырдың басына дейін 2 топқа бөлініп өмір сүрген. Біріншісі Маңғыстауда қала берген. Ал екіншісі Еділ бойына және Солтүстік Кавказға жайылып тарап кеткен. Кейінгілері Ресейдің Астрахань облысы мен Ставрополь өлкесінде қазір де бар. Олар бүгін де "Маңгыстау түрікпендері" немесе "Маңғыстаудан шыққан түрікпендер" деп аталады. Негізінен, бүлар — сол баяғьг абдал руының өкілдері.
ХҮІІІ г. басында I Петр патша жіберген Бекович отряды Маңғыстау арқылы Хиуаға қарай жорыққа шыкканда, оған септігін тигізген атақты Ходжа Непес деген түрікпен болган. Соның үрпақтары қазір Астрахань облысының Фунтово деген қалашығында түрады. Олардың фамилиясы — Ходжанепесов. Сол семьяда түрікпеннің абдал руының өткеніне қатысты біраз ескі жазбалар сақталып қалған екен. Осы уақытқа дейін бүл қүжаттармен ешкім айналыспаған. Өйткені, олар фарси (парсы) тілінде жазылған екен. Бүл жазбалардың Ходжа Непестің өзінен қалған болуы да ғажап емес. Өйткені, ол білгір және көпті көрген адам болған. Уақытьгнда Ресейге барған. Оның үстіне араб-фарсы тілдерін де білген. Қазірге дейін сол Фунтовода сақталған жазбалардың Маңғыстаудың өткені туралы көп тың мәліметтер бере алатынына күмән жоқ. Олар кімнен қалса да, түрікпеннің абдал руына қатысты. Бүл қүжаттар туралы әзірге белгілісі мынау: Олардың бар екені туралы хабар Иран Абду Раззах Рехбериге жеткен. Бүл кісі діни қайраткер ғана емес, ғалым-этнограф та екен. Ол Астрахань облысына шақыру бойынша келіп, жазбаларды оқып көрген. Басқа мәлімет жоқ. Болғанда да ол алдымен Иран жақта жарияланатын болар. Сөйтіп, Маңғыстау тарихының соңғы 300-350 жылғы бөлігі әзірше нақтыланбай түр. Әрине, түрлі жорамалды версиялар жасауға болар еді. Бірақ, ол үшін сол өткен үш-үш жарым ғасырға қатысты нақты материалдар керек. Хиуа тарихын зерттеу керек. Сосын Маңғыстау, Астрахань жөне Ставрополь түрікпендерінің өткеніне катысты түстарды мүқият қарастыру керек. Бүған жеке-бөлек уақыт пен басқа да мүмкіндіктер керек. Ал олар әзірше бүл жолдардың авторында жеткіліксіздеу болып түр. Демек, осының бәрі алыс-жақын келешектің ісі.


Бүл — керек іс. Бүгінгі заманда кез келген тарихи мерзімді ғылыми түрғыдан реконструкциялаута болады. Ол үшін ең алдымен қажет нәрсе — сол кезең мен тақырыпқа қатысты бүкіл мәліметтер мен ақпараттарды тауып, олармен танысып, бәрін сараптау керек. Бір сөзбен айтқанда, мәселемен жеке-бөлек іс ретінде арнайы айналысу қажет. Әрине, оны кейінге қалдыра түруға да болады. Бірақ, Маңғыстау — тарихи мүра ретінде даулы жер. Онда соңғы кезде болып жатқан экономикалық өзгерістер мен пайда болып жатқан перспективалар мәселенің маңызын арттыра түспесе, кемітпейді. Бүл — хақ нәрсе. Бірақ, бүның бәрін ойлап, бас қатырьш жатқан ешкім жоқ. Өкшіштісі осы. Біз үшін бүл жердегі ең маңыздысы — Маңғыстаудың Адайдың отаны екені. Екінші маңызды нәрсе — адай мен түрікпен арақатынасында тарихи түрғыдан алғанда бітіспес антагонизмнің болмағаны. Біз осы уақытқа дейін олардың арасында қазақ-қалмақ не қазақ-жоңғар соғыстары сияқты қырғын және үзаққа созылған қырғынды тартыстың болғанынын айгагын тапқан жоқпыз. Қайта көп жағдайда жергілікті түрікпендер мен адайлар бірлесе қимылдаған екен. Олардың Маңғыстау уезінде кеңес заманына дейінгі уақытта бейбіт қатар өмір сүріп келгенін мынадай сенуге түрарлық айғақ нақты түрде дәлелдейді: "1. Учредительное собрание образуется из членов, избранных населением на основе всеобщего, без различия пола, и равного избирательного права посредством прямых выборов и тайного голосования с применением начала пропорционального представительства. 2. Для производства выборов в Учредительное собрание образуются нижеследующие избирательные округа: Закаспийская (за исключением Мангышлакского уезда, но со включением населенных туркменами волостей названного уезда), Уральская (со включением Мангышлакского уезда Закаспийской области, кроме населенных туркменами волостей названного уезда)" (Избирательное законодательство, применявшееся в 1917 году при выборах в учредительное собрание: законодательные акты. Положение о выборах в учредительное собрание. Раздел первый. Глава I. Общие положения). Осы түста айтылуға тиіс нәрсе мынау. Каспий сырты немесе жалпы Закаспий (Ішкі Ресей жактан Караганда) орыс патшасы билігіне бағынған кезден бастап, ол тақтан түскен кезге дейінгі уақыт ішінде Маңғыстау жеке территориалдык бөлік ретінде уезд атағын иемденген. Оның қүрамына адай болыстары және түрікпен болыстары кірген. Ресей патша өкіметі карауындагы жалпы Каспий сырты немесе осы теңіздің Орталық Азия жағын 2 облыс қамтыған. Оның ішіндегі Орал облысындағы негізгі байырғы халық — қазақтар, ал Закаспий облысындағы негізгі байырғы халык — түрікпендер болған. Ал Маңғыстау уезінде көпшілікті адайлар күраған да, азшылыкты абдалдар мен иғдырлар қүраған. Алайда ол Закаспий облысына бағынған. Патша заманында бүндай қайшылыкка ешкім аса көп назар аудара қоймаған. Ал 1917 жылғы ревоюциялардан кейін алып Ресей империясының тағдырын Бүкіл ресейлік күрылтай аркылы шешу карастырылған. Ал оған әр өлке және әр халық өз өкілдерін сайлауға тиіс болған. Сондықтан алғаш рет Маңғыстау уезі қазақ және түрікпен болып ресми түрде бөлініп, өз үлттарына қатысты бөлек-бөлек сайлаушы окруттарға тартылған. Басқаша айтқанда, түбек пен Үстірттегі адайлар түңғыш рет Закаспий облысынан бөлектендіріліп, Орал облысындағы қандастарымен біріктірілген. Маңғыстаудың кейін жер-жердегі өз еншісін жинақтай бастаған Қазақстан қүрамына қарай бет бүруының алдын осы кез деп таныған жөн болар. Патшалық Ресейде түрлі үлттар түратын аймақтарға сай үлттық-территориалдық бөлініс деген негізінде болмаған. Онда тек облыстар мен губерниялар болған. Орталык Азиядағы онда территориалдық қүрылымдарға түрлі жергілікті үлт өкілдері аралас-қүралас болып кірген. Мысалы, Түркістан губерниясының Жетісу облысы қүрамына кейінгі қазақ және қырғыз жерлері, ал Сьгрдария облысына кейінгі қазақ және өзбек жерлері енген. Сол сияқты жағдай Закаспий облысында да болған. Әсіресе, бүндай аралас-қүраластық Маңғыстау уезіне тән болған. Бірақ, нәтижесінде, яғни үлттық — территориалдық бөліс түсында бүл жерге адай-қазақ негізгі ие болып қалады. Бүл қалайша болды екен?. Бізге тарихтан мынадай бір ақиқат әйгі. Революциядан кейінгі жаңа статусқа ие болу мен жерді болу түсында Түрікпен республикасы (ол халықтың өз тарихшылары мойындағандай) негізінен үтысқа ие болған, Қазақ Республикасы болса негізінен үтылып қалған. Бірақ, бул жерде осындай жалпы түсінікке қайшы келетін бір-ақ мысал бар. Ол -Маңғыстау мысалы. Түрікпеннің тарихшы-авторлары оның сол түста қазақ еліне өтіп кеткенін өздерінің жалғыз үтылысы деп тануға ыңғайлы. Ал біздің жақта Маңғыстаудың Қазақ республикасы қүрамында қалуының астарлы себептерін зерттеп, оған тиісті баға беруге нақты талпыныс жоқ өзірше.


Осы жарияланым ауқымында автор Адай тарихына қатысты мәліметтер жүйеленіп, оларға тиісінше баға беруге талпыныс жасады.
1870 жылғы және 1931 жылғы көтерілістерге тоқталуды біз артық көрдік. Өйткені, бүл оқиғалар туралы осы уақытқа дейін Қазақстанда талай рет жазылды. Біз біраз нәрсені қамтыған сияқты болдық. Бірақ, әлде де көптеген мәлімет пайдаланылмай қалды. Нәтижесінде біраз маңызды сүрақ жауапсыз қалды. Оларға тап осы жолы дайын жауап үсынуды біз жөн көрмедік. Өйткені, бүндай талпыныс асығыстық болған болар еді. Жауап версияларын ұсынардан бүрын оларды әлде де жан-жақты тексеріске салу қажет. Оған әзірше мүмкіндік те, мүрша да болмай жатыр. Жауапсыз қалған сүрақтардың ішіндегі ең бастылары мынау: адайлар Маңғыстауға қашан және қайдан келген? Бірақ, енді мұның және басқа да сүрақтардың жауабын іздеп табу  болашақтың еншісі.

 

(Материал "Алтын Орда"газетінен алынды).